СҚО-дағы шошқа кешенінде 4 жұмысшы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-дағы шошқа кешенінде 4 жұмысшы қаза тапты

02.08.2023

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы шошқа кешенінде 4 жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға кеше болған. Жұмыс ауысымы аяқталған соң 4 адам мал бордақылау алаңынан шықпаған. Іздестіру барысында олардың денесі кәріз құдығынан табылды. Полицияның болжамынша, олар улы газдан мерт болуы мүмкін. Қазір сараптама тағайындалып, тергеп-тексеру басталды.


Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу