Майқайың шұңқыры аумағынан құтқарушыларға тиесілі заттар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майқайың шұңқыры аумағынан құтқарушыларға тиесілі заттар табылды

02.02.2024

Майқайың шұңқыры аумағынан бүгін тағы құтқарушыларға тиесілі заттар табылды. Апат орнынан арнайы бас киім, байланыс құралы және автобустың ішкі панелінің сынған бөлшектері шықты. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов хабарлама таратты.

«Майқайыңалтын» кен байыту комбинатында іздестіру жұмыстары басталғалы бүгін 30 күн болды. Қаңтардың 4-і күні шахта аумағында көлік жолы опырылған болатын. Сол ойыққа ішінде құтқарушылар отырған автобус түсіп кетті. Шыңыраудан екі адамның денесі сыртқа шығарылды. Автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушы әлі табылған жоқ.

Қазір кәсіпорын аумағындағы барлық шахталарда жұмыс тоқтатылған. Жұмыскерлердің кейбірі еңбек демалысына жіберілсе, басқаларына жалақысының 50% төленеді.

Хабарламаларға жазылу