«Майқайыңалтын» кен байыту комбинатының жұмыскерлеріне сәуірдің 1-не дейін еңбекақыларының 50 пайызы төленеді. Ол үшін жұмыс беруші ай сайын 195 млн теңге бөледі, - деді Павлодар облысына барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.
Қазір кәсіпорын жұмысы тоқтап тұр. Ал бірінші сәуірден кейін жағдайдың қалай болары белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 3-нен 4-не қараған түні комбинат аумағында жер опырылып, ішінде 4 адамы бар автобус апатқа ұшырады. Екі құтқарушының денесі сыртқа шығарылды, тағы екеуі әлі іздестіріліп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Майқайыңалтын»-дағы жұмыссыз кеншілерге жалақының 50%-ы төленеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/189686/)