Әлем нарығынды мұнай бағасы 1 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем нарығынды мұнай бағасы 1 пайызға өсті

29.01.2024

Әлем нарығында мұнай бағасы 1 пайызға өсіп, оның Brent маркасының баррелі 84 доллар 38 центке сатылды. Энергетикалық шикізаттың дереу қымбаттауына Қызыл теңізде отын танкерінің йемендік хуситтердің шабуылынан өртенуі себепші. Сонымен қатар, Ресейде дрондардың соққысынан бірнеше мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылды. Кейбір сарапшылардың ойынша, бұл оқиғалар ұсынысты азайтады деген алаңдаушылық тудырды. Сондықтан биржаларда мұнай құны көтеріліп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу