Әлемдік мұнай бағасы 6 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік мұнай бағасы 6 пайызға өсті

10.03.2020
Әлемдік мұнай бағасы 6 пайызға өсті

Сейсенбі күні әлемдік мұнай бағасы 6 пайызға өскен. 

Brent маркалы мұнай бағасы 2,31 долларға (6,7 пайыз) қымбаттап, баррелі 36,67 доллар болды. Сондай-ақ WTI маркілі мұнай бағасы АҚШ-та 1,79 (5,8 пайыз) долларға қымбаттап, баррелі 32,92 доллар болды.

Дүйсенбіде екі көрсеткіш те ең төмен деңгейге түсіп, 1991 жылдың 17 қаңтарынан бері пайыздың ең үлкен біркүндік төмендеуі тіркелді. 

Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағалары 25 пайыздық «құлаудың» орнын толтыра алмайды, себебі коронавирустың өршуі сұранысты төмендетіп отыр. 

Энергия тасымалдаушылардың бағалары да күрт төмендеген. Exxon акцияларының бағасы 12 пайыздан астам көрсеткішке дейін төмендеді. Chevron акциялары 15 пайыздан астам түсті.

Inform.kz

Хабарламаларға жазылу