Мәслихаттармен өзара іс-қимылды жаңа деңгейге шығару – маңызды міндет
Мәслихаттармен өзара іс-қимылды жаңа деңгейге шығару – маңызды міндет. Бұл туралы Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен, Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Жиынға сенаторлар мен мемлекеттік органдардың басшылары және онлайн-форматта еліміздің барлық өңіріндегі мәслихат депутаттары қатысты. Мәулен Әшімбаев, кеңестің алда атқарар жұмыстарын пысықтап, бірлескен жоспарларды тиімді жүзеге асырудың нақты тетіктеріне тоқталды. Атап айтқанда, заң шығару қызметімен бірге өңірлердегі проблемаларды бірлесіп шешу, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, заңдардың аймақтарда орындалу барысын бақылау, мәслихаттарға методикалық әрі материалдық-техникалық қолдау көрсету жайы сөз болды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы:
Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сәйкес, биыл Парламент бірқатар заңдар қабылдайды. Олардың қатарында жаңа салық, бюджет, қала құрылысы, су кодекстері бар. Бұл заң жобалары бойынша, әсіресе өңірлерге қатысты мәселелерде, мәслихат депутаттарының ұсыныстарын назарға алу маңызды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Роботтар адамдармен бірге марафонға қатысты
20.04.2026, 10:29
15 жастағы теннисші Қазақстанның атын Қытайда асқақтатты
20.04.2026, 10:27
Павлодар қаласында жаттықтырушыға ескерткіш орнатылды
20.04.2026, 10:23
Көпқабатты үйлердің жертөлелері жерасты суларына толған
20.04.2026, 10:17
«Таза Қазақстан» бастамасы грекияда қолдау тапты
20.04.2026, 10:14
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
20.04.2026, 10:12
Америкалық әскерилер ирандық кемені басып алды
20.04.2026, 10:08
Маңғыстауда нөсер жауыннан кейін 100-ден астам жылқы батпаққа батып өлген
20.04.2026, 10:07