Ақтөбеде мектеп оқушыларының 86%-ы сабаққа бармаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мектеп оқушыларының 86%-ы сабаққа бармаған

26.01.2024

Ақтөбеде бірінші ауысымда білім алатын оқушылардың 86 пайызы сабаққа бармай қойған. Оған әлеуметтік желіде тараған үрейлі ақпарат себеп болған. Кеше белгісіз біреу Телеграм арнасы арқылы «Мектептерге барып, балаларды атамыз, бәрін қырамыз» деген мағынада хабарлама таратқан еді. Көп ұзамай ақтөбеліктерді үрейлендірген күдікті анықталды. Ол жақын шет елдер бірінің 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Полиция департаменті осылай хабарлады. Соған қарамастан бүгін бірінші ауысымда білім алатын 57 924 оқушының 49 мыңнан астамы сабаққа бармай қалған. Түстен кейін оқитындар да мектепке толық келмеген.


Хабарламаларға жазылу