Шымкентте екі қылмыстық топ қолға түсті
Шымкент қаласы мен Павлодар облысында жастардан құрылған 2 қылмыстық топ ұсталды. 5-6 адамнан жасақталған топ мүшелерінің жасы 18 бен 24 аралығында. Олар адамдарды қорқытып, ақшасын тартып алып отырған. Алаяқтық және ұрлықпен айналысқан. Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, қылмыстық топ мүшелері негізінен жатақханада, ойын-сауық орталығында жүрген өз қатарластары мен оқу орындарының студенттерін бопсалаған. Оларды қорқытып, аттарына онлайн несие рәсімдеткен немесе бағалы тауар алғызған. Полиция топ мүшелерінің барлығын қамауға алды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да электр желісінің 80 пайызы тозып тұр
10.12.2025, 20:58
Отандық фильм көрерменге жол тартты
10.12.2025, 20:46
Бүгін – халықаралық Адам құқықтары күні
10.12.2025, 20:46
Астанада ертең де аяз болады
10.12.2025, 20:39
Электрлі самокатпен ереже бұзғандарға айыппұл көлемі белгілі болды
10.12.2025, 20:38
Мектептегі жаңа ас мәзірі
10.12.2025, 20:32
Аяз, көктайғақ, кептеліс: Қалада көлік қозғалысы қиындады
10.12.2025, 20:29
Әлем жаңалықтарына шолу
10.12.2025, 20:09