Қостанайда гендерлік теңдік мәселелері жөнінде диалог алаңы ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда гендерлік теңдік мәселелері жөнінде диалог алаңы ұйымдастырылды

26.01.2024

«Бүгінгі қоғамдағы әйелдердің ролі». Қостанайда Қазақстан Халық Партиясы филиалы осы тақырыпта диалог алаңын ұйымдастырды. Әртүрлі әлеуметтік топ өкілдері қатысқан басқосуда, гендерлік теңдік, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелелері талқыланды. Ерлермен тең дәрежеде лауазымды қызмет атқарып, еңбек етуге отбасылық-тұрмыстық жағдай кедергі келтіріп жатады. «Мұның бірінші себебі, елімізде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тапшылығы. Яғни, көп жағдайда әйелдерге өмірге сәби әкелгесін қызмет пен бала тәрбиелеудің бірін таңдауына тура келеді. Екіншіден, отбасының күйбең тірлігіне алаңдап, міндетін сапалы атқара алмайды деген желеумен жұмыс берушілер қызметке алуға құлықсыздық танытады», - деді жиынға қатысушылар. 

Ольга Березуцкая, ҚХП Облыстық филиалының жетекшісі:

Егер әйелдің баласы болса, ол өзіне жүктелген міндетті тиісті дәрежесінде атқара алмайды деген сөз емес. Жұмыс берушілердің бұл көзқарасын қоғам болып өзгертуіміз керек. Әрине, біріншіден мектепке дейінгі білім беруді дамыту тәрізді мемлекет тарапынан қолдау қажет. Әйелдердің құқықтық сауатын көтеру де аса маңызды. 

Дауренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу