Ақтөбе облысында 79 ауыл әлі күнге дейін интернетке қосылмаған. «Адам саны жүзге жетпейтін елді мекендерге мобильді байланыс жеткізу жоспарда да жоқ. Дегенмен, қазір жұмыс жүріп жатыр», - дейді жауапты мамандар.
Биылдың өзінде 47 ауыл сапалы байланысқа қол жеткізеді. Ақтөбе қаласы мен аудан орталықтарында интернет сапасын арттыру көзделіп отыр. Облыс орталығына 5G стандартындағы 24 станция орнатылады. Ал Жаңақоныс-3, Жаңақоныс-4, Бекқұл баба, Шилісай, Белогор, Украинка, Ақшат, және Сарбаз елдімекендері 4G-мен қамтылады. Өңірдегі 429 мектептің 414-інде сапалы байланыс бар.
Әсет Отарбаев, Облыстық цифрлық даму басқармасының басшысы:
Біз 37 мектепті сапалы «Старлинг» байланысына қосамыз. Тапсырыс берілді. Алайда шағын ауылдарға мобильді байланыс апару қиын шаруа. Өйткені ол байланыс операторларына қымбатқа түседі. Яғни, тиімсіз.