Үндістанда фермерлердің жалпыұлттық шеруі Нью-Делиге бет алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда фермерлердің жалпыұлттық шеруі Нью-Делиге бет алды

06.03.2024

Үндістанда фермерлердің жалпыұлттық шеруі Нью-Делиге тарайын деп жатыр. Осыған байланысты қала көшелеріне қауіпсіздік күштері шығып, баррикадалар орнатты. Себебі шаруалар бүгін ел астанасына автобус және пойызбен баратынын ескертті. Бұған қоса, шекара пункттеріне қойған трактор санын да көбейтпек. Мыңдаған фермер Нью-Делиге бір ай бұрын бет алған еді.

Алайда сол кезде қауіпсіздік күштері су және газ қаруын қолданып, олардың жолын бөгеді. Наразы фермерлер өз өнімдерін қымбаттауды талап етіп жатыр. Бұған қатысты үкіметпен өткен келіссөз сәтсіз аяқталған.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу