Алматыда жер сілкінісі сезілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жер сілкінісі сезілді

23.01.2024

Осы жер сілкінісі Алматыда сезілгенін айттық. Қалың жұрт қауіп сейілгенше сыртқа шықты. Қалада дереу көмек көрсету орталықтары құрылып, түні бойы жұмыс істеді.

Қуан Нұрақын, тілші:

Сейсмологтардың мәліметінше, Алматы аумағында 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелген. Дүмпуден жан сауғалаған жұрт қауіп сейілгенше сыртқа шыққан.
1,5 мың адам түнде алдын ала дайындалған көмек көрсету орталықтарын паналаған.
Қауіптің беті сейілген соң, таңға жуық бәрі үйлеріне оралған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіше, зілзала салдарынан 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілген. Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2-ші және 3-қабатынан секіріп кеткен. Дәрігерлер олардың жеңіл жарақат алғанын айтады. Тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр. Сондай-ақ, үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу