Қырғыз-Қытай шекарасында жер сілкінісі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз-Қытай шекарасында жер сілкінісі болды

23.01.2024

Түнде Алматыда жер тербелісі сезілді. Дүмпудің ошағы Қырғызстан мен Қытайдың шекарасында тіркелген. Ол Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырым жерде. Ресми деректерге сүйенсек, жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 15.1-ді көрсетті. Ал магнитудасы – 6.7 баллға жеткен. Дүмпу 65 шақырым тереңдікте болған. Осы жер сілкінісі Алматыда 4-5 балл деңгейінде сезілді, - дейді мамандар.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу