Алматыда зілзаладан зардап шеккендерге арналған 384 пункт құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда зілзаладан зардап шеккендерге арналған 384 пункт құрылды

23.02.2023

Президенттің тапсырмасына сай, Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары ширай түсті. Шаһарда жер сілкінісі бола қалған жағдайда халыққа көмек көрсететін 384 пункт құрылды. Қалалық ТЖД мамандарының сөзінше, бұл орындар тұрғындарды уақытша жинауға, тіркеуге, зардап шеккендерді қажетті заттармен қамтамасыз етуге және қауіпсіз аймаққа эвакуациялауға арналған. Одан бөлек, шаһар аумағында QR коды бар ақпараттық тақтайшалар әзірленді. Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда, оның салдарын жоюға 13 мыңнан астам құтқарушы, 4 мыңнан астам техника сақадай сай. Сондай-ақ еліміздің 16 өңірінен қосымша күш келеді. Айта кету керек бүгін сағат таңғы 6:30 шамасында Тәжікстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 7 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуі Алматыда да сезілді.


Хабарламаларға жазылу