Шығыс Қазақстанда шекара шебіндегі ауылдар қар құрсауында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда шекара шебіндегі ауылдар қар құрсауында қалды

22.01.2024

Шығыстағы Марақкөл ауданында Төсқайың, Шанағаты, Балықты-Бұлақ және Бұғымүйіз ауылдары әлі қар құрсауында отыр. Бұл ең шеттегі шекараның шебіндегі ауылдар. Күршім ауданы әкімдігінің өкілдері, жолдарды тазалау жұмысына барлық ауыр техниканы жұмылдырғанын хабарлады. Қалың қарды алу қиындық туғызып жатыр. Дегенмен, жол тазалығына жауапты коммуналдық мекеме жұмысшылары, күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Бүгінге дейін Марқакөл ауылдық округіне қарасты 6 ауыл мен 2 кеңшарға жол толық ашылды.


Хабарламаларға жазылу