Түркияның тұңғыш ғарышкері бүгін түнде ғарышқа көтеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның тұңғыш ғарышкері бүгін түнде ғарышқа көтеріледі

18.01.2024

Түркияның тұңғыш ғарышкері Альпер Гезеравжы бүгін түнде ғарышқа көтеріледі. Американың Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш айлағынан ұшатын «Спэйс Икс Фалкон-9» зымыран тасығышы Қазақстан уақытымен түнгі сағат 03:49-да әуеге көтерілмек. Түркиялық ғарышкермен бірге Халықаралық ғарыш станциясына Италия мен Испанияның үш астронавты ұшады. Альпер Гезеравжы ғарышта болатын 14 күн ішінде түрлі ғылыми және техникалық зерттеу жасайды. Түркияның тұңғыш ғарышкерінің көкке көтерілу сәтін барлық жергілікті телеарналар тікелей эфирде көрсетеді. Бұл тарихи сәтті Ыстамбұл мен Анкара қалаларының орталық алаңдарында орнатылған үлкен экрандардан да тамашалауға болады.

Хабарламаларға жазылу