ІІМ: Былтыр қоғамдық орындарда жасалған қылмыс 12% азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІМ: Былтыр қоғамдық орындарда жасалған қылмыс 12% азайды

18.01.2024

Былтыр құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген арнайы жұмыс нәтижесінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыс саны 12 пайызға азайған. Ішкі істер органдары 10 млн-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алған. Оның ішінде бұзақылық, қарақшылық, вандализм мен ұрлық сияқты бірнеше қылмыстық факт бар. Бұл туралы арнайы брифингте Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты. Сонымен қатар, былтыр отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық 1,5%-ға төмендеген.

Ақмаржан Ғафиз

Хабарламаларға жазылу