Медицина саласындағы монополия әшкереленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медицина саласындағы монополия әшкереленді

18.01.2024

Медицина саласындағы монополия әшкереленді. Мұны бәсекелестікті қорғау Агенттігі анықтаған. Мемлекет сатып алатын дәрілік заттар мен бұйымдар қоймалары оны тарату мүмкіндігі бар компаниялардың қолында ғана болған. Жыл сайын тегін дәрілік заттар мен бұйымдарды жеткізу қызметін «СК-Фармация» сатып алады. Бұл қызметтің құны - 6 млрд 800 млн теңге. Кейін осы «СК-Фармация» дәрілік заттарды ымыраласа жұмыс істейтін компаниялар арасында таратып отырған. Өзге серіктестіктердің жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеген.

Мира Тұяқбаева, БҚДА Әлеуметтік сала департаментінің директоры:

Нарықта 190-ға жуық сертификатталған жеткізуші компания бар. Бірақ олар нарыққа кіре алмайды. Шеттен келген компаниялар үшін шектен тыс талаптар қойылған. Қазіргі уақытта тергеу материалдары Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігіне жолданды.


Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу