Алматылық дәрігерлер медицина саласындағы мәселелерді жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық дәрігерлер медицина саласындағы мәселелерді жеткізді

10.08.2017

14-ші клиникалық емхананың ұжымымен болған жүздесуде міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Жүйеге байланысты бір айдан аса атқарылған шаруаларды пысықтады.

Сондай-ақ, Сейдуманов медицина мамандарының көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, көптен шешілмей келе жатқан күрделі істерді Мәжіліс мінберінде көтеретіндігін жеткізді. Мәселен, емханаға баратын жолдар ескірген және тар. Сондықтан, жуық арада жөндеу қажет. Сонымен қоса, емханаға баратын қоғамдық көліктер де әлі бір жүйеге келтірілмеген.

 

Амангелді СЕЙІТХАН  

Хабарламаларға жазылу