Түркістан облысының макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика байқалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика байқалады

16.01.2024

Түркістан облысының да макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика байқалады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,5 пайызға өсіп, 1 триллион теңгеден асқан. Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін 20 жоба іске қосылып, 594 жаңа жұмыс орны ашылған. Мұны аймақ әкімі Дархан Сатыбалды, Президент қабылдауында айтты. Саланы әртараптандыру нәтижесінде 3,3 миллион тонна көкөніс, бақша өнімдері жиналды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Президент тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығында өнім көлемін арттыруға, суды үнемдеуге ықпал ететін жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар енгізіліп жатыр. Өткен жылы облыстағы 20 елді мекенге жаңадан ауызсу құбыры тартылды. Сондай-ақ 48 елді мекенге көгілдір отын жеткізілді. Президент облыс әкіміне халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірдің экономикалық жағдайын жақсарту жөнінде берген тапсырмаларын жүйелі әрі сапалы орындау қажет деді.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі:

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болдым. Қабылдауда бірінші кезекте өткен жылдың барлық көрсеткіштері бойынша баяндадым. Әлеуметтік-экономикалық мәселе бойынша макро көрсеткіштердің барлығы оң динамиканы беріп отыр. Негізгі бағыт беріп отырғаны біздің өндіріс және ауыл шаруашылығында өндірілген өндіріс көлемімен өңірлер арасында бірінші орынға шығып отырмыз. Проблемалық мәселелерді де біз ашық айтып: ол дегініміз ағын су мәселесі, ауыз су мәселелері, соларды шешу бойынша нақты нақтытапсырма алып шықтым.


Хабарламаларға жазылу