Мемлекет басшысының Жамбыл облысына жұмыс сапары басталды

03.06.2019

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Әулиеата жеріне келді. Халықтың әл-ауқаты қалай, аймақта не тындырылып жатыр, қандай көлеңкелі мәселелер бар? Бұл туралы Президентке облыс басшылығы есеп бермек.

Аймақ экономикалық даму жағынан қатарынан қара үзбесе де, көштен қалмай келеді. Жыл басынан бері тау-кен, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі бойынша 154 миллион теңгенің өнімі өндіріліпті. Өңірлік өнім өткен жылғыдан 3,5 пайызға артқан. Тұтастай алғанда, қазір аймақ экономикасында оң динамика байқалады.

Сапар аясында Президент бірнеше әлеуметтік-мәдени және өндіріс нысандарында болды. Сосын облыс тұрғындарымен кездесіп, өңірдің жалпы дамуына бағасын берді.

Хабарламаларға жазылу