Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда төмен - Ұлттық экономика министрі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда төмен - Ұлттық экономика министрі

15.03.2022

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда төмен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты.

Министрдің мәліметінше, 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

«Бұл былтырғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 7,3% төмен. Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша оң динамика 13 өңірде байқалды, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында тіркелді», - деді министр.


Ұлттық экономика министрі тұрғын үй Әлібек Қуантыров Үкімет отырысы

Хабарламаларға жазылу