Президент Қостанай облысының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қостанай облысының әкімін қабылдады

11.01.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады. Президентке есеп берген облыс әкімінің мәліметінше өңірдің макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика бар. Өңдеу өнеркәсібі 11, құрылыс саласы 7, негізгі капиталға салынған инвестиция 8,5 пайызға өскен. Ал өнеркәсіп саласының үлесі 30 пайыздан асты. Әсіресе, жергілікті машина жасау кәсіпорнында шығарылатын автокөлік модельдерінің қатары көбейіп келеді. Бұдан бөлек, аймақты сумен қамту, әлеуметтік нысандар салу барысы жөнінде мәлімет берілді. Ал Мемлекет басшысы облыс әкіміне жылыту маусымын қалыпты режимде өткізіп, өңірді газбен қамтуға қатысты тапсырмалар берді.

Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасадым. Және де президенттің жолдауындағы көрсетілген барлық тапсырмалары 2024 жылы қалай орындалатынын да баяндадым. 

Хабарламаларға жазылу