Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағын ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағын ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

15.01.2024

Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағын ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Замануи білім ордасы 1200 орынға лайықталған. {КСМ} Бұл қаладағы ең үлкен ауданның бірі. Қазір мұнда 25 мыңнан астам тұрғын бар. Бірақ, осыған дейін мектеп болмаған. Ата-аналар балаларын әр жердегі білім ошағына тасып, әбігерге түсетін. Оқу орнының құрылысына облыстық бюджеттен 3,1 миллиард теңге бөлінген. Барлық заманауи жабдықтармен қамтылған мектепте 350 адамға арналған акт залы, кітапхана, асхана, шеберхана қарастырылған.

Әмірбек Жайнабеков, ата-ана:

Үлкен немерелерімді басқа 54 мектепке оқыттым. Өте қиын еді ол кезде асфальт та жоқ еді. Балшық, жаңбыр қар болатын. Міне бүгінде «Ұлы дала» Мөлтек ауданында үлкен жарықты әрі сәулетті 64 мектеп ашылды. Өте қуаныштымыз.

«AMANAT» партиясының өңірлік Сайлауалда бағдарламасы аясында мәселе шешілді. Жалпы, былтыр 80 мыңға жуық оқушыға арналған 77 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 165 мектеп ашылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 53 мектепте күрделі жөндеу жұмысы, 435 мектепте ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілген. Партияның сайлауалды бағдарлама аясында 2025 жылға дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда бас-аяғы 3 мың мектепті жаңғырту жоспарланып отыр.



Хабарламаларға жазылу