Исландияда жанартау атқылап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Исландияда жанартау атқылап жатыр

15.01.2024

Исландияның оңтүстік-батысындағы Рейкьянес түбегінде бір айда екінші рет жанартау атқылай бастады. Оның лавасы балықшылар ауылына қарай ағып жатыр. Сондықтан жергілікті халықты қайтадан эвакуациялауға тура келген.

Қараша айында бұл вулкан оянғанда Гриндавик елдімекенінің төрт мың тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Бірақ ол кезде лава ауылға жетпегендіктен, адамдар Гриндавикке қайта оралған еді. Енді олар тағы да үйлерін тастап кетуге мәжбүр болып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу