Исландияда төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Исландияда төтенше жағдай жарияланды

15.11.2023

Исландияда төтенше жағдай жарияланды. Мұнда жанартау белсенділігі артқан. Ел астанасы Рейкьявик маңындағы түбекте жер астында лава ағыны күшейген. Ал отты таудан 8 шақырым жердегі Грин-давик қаласында ауада күкірт диоксидінің мөлшері артты. Бұл факторлар жанартау атқылауы мүмкін екенін көрсетеді. Қауіптің күшеюіне байланысты 4 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу