Гриндавик қаласында үйлер өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гриндавик қаласында үйлер өртеніп жатыр

16.01.2024

Исландияның Гриндавик қаласында жанартаудан аққан лава үйлерге жайылды. Үш баспана толықтай күлге айналған. Үйлерді жалын шарпыған сәт, тұрғындарға тікелей эфирден көрсетілді. Балқыған лава ағыны Гриндавикке жексенбіде жетті. Жанартау атқылауынан ешкім зардап шеккен жоқ. Мұндағы тұрғындар алдын ала қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Өңірде төтенше жағдай жарияланған. Рейкьянес түбегіндегі вулкан 4 аптада осымен екінші мәрте атқылап жатыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу