Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жолдан шығып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жолдан шығып кетті

13.01.2024

Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жолдан шығып кетті. Оқиға Үржар ауданына қарасты, Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде болған. Алдын ала деректерге қарағанда, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп болса керек. Жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді. Қоғамдық көлік Алматыға бара жатқан.


Хабарламаларға жазылу