Ақтөбе облысында жүк пойызы жолдан шығып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жүк пойызы жолдан шығып кетті

26.02.2021

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ұлпан бекетінде жүк пойызы апатқа ұшырады. 43 вагонның 22-сі жолдан шығып, артынша аударылып қалған. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының ресми өкілдері хабарлады.

Апат орнына жедел түрде өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздары мен құтқарушылар жетті. Қазіргі уақытта 150 метрлік шойын жол қалпына келтіріліп жатыр. Жөндеу жұмыстарына байланысты «Алматы-Атырау» бағытындағы №42-інші жолаушылар пойызы Мұғалжар ауданы Ембі қаласына уақытша тоқтатылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу