Актер Нүркен Өтеуілов – «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Актер Нүркен Өтеуілов – «Таңшолпанда» қонақта

14.06.2016
Актер Нүркен Өтеуілов – «Таңшолпанда» қонақта

Бүгін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері, белгілі әнші Нүркен Өтеуілов 40 жасқа толды. 
Қазақта «40 жасыңда той жасама», «40 жасыңда өзгеге ерекше сыйлық тарту керек» деген ырым-тыйымдар көп. Біреулер соған сеніп жатады. Ал, студия қонағы бұл ырымдардың жақсылыққа, қуанышқа, кейде адамдардың арақатынасын жақындатуға септігін тигізетінін айтты. 
Жақында Ресейде «Гостиный двор» атты 8-ші Халықаралық фестиваль өтті. Нүркен Әшімханұлы гастролдік сапармен Ресейдің бірқатар қалаларына барып, тәжірибе алмасып қайтты. «Бұл сапарымызда Орынбор драма театрының режиссері, көркемдік жетекшісі Рифкат Исрафиловтың жоғары бағасын алдық» дейді актер.
Өнер иесінің шығармашылықтағы жаңалықтары туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу