«Таңшолпанда» - «Алтын ұя» актерлері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - «Алтын ұя» актерлері

10.03.2016
«Таңшолпанда» - «Алтын ұя» актерлері

Өнерлі отбасы әнші, актер Нұркен Өтеуілов және әнші, актриса Айнұр Бермұхамбетова ұлдары жас актер Бейбарыс Өтеуіловпен бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

Ұлттық арнадан көрсетіліп жатқан «Алтын ұя» телехикаясындағы Әлібек пен Жәнияның және Даниярдың рөлін  сомдаған актерлер фильм турасындағы ойларын ортаға салды.

«Телехикаядағы негізгі рөл – ұлымызда. Бейбарыс кастингтен өткеннен кейін бізге де ұсыныс түсті. Фильмге осылай келдік. «Алтын ұядағы» негізгі ерекшелік – біздің ұқсастығымыз. Фильмде ұлымыз Даниярдың (Бейбарыстың телехикаядағы аты) есейген шағын сомдайтын актердің де бет әлпеті өзімізге қатты ұқсайды»,-дейді Нұркен Өтеуілов.

«Бұл менің алғашқы рөлім емес. Бұған дейін «Өмір сабақтары» және «Ничего лишнего» атты фильмдерге түскенмін»,-дейді Бейбарыс.

«Сценарийді көрген бетте фильмнің «Алтын ұя» деген атауы бірден тартты. Оның үстіне ұлымыз үшін келістік. Режиссеріміз – талап қоя білетін талантты адам. Актерлік құрамның сапалы болғаны дұрыс. Біз сол жағына мән бердік»,-дейді актерлер.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу