Сафуан Шәймерден: «Кішкентай ханзаданы» моноспектакль ретінде алғаш қолға алған мен екенмін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сафуан Шәймерден: «Кішкентай ханзаданы» моноспектакль ретінде алғаш қолға алған мен екенмін

05.03.2015
Сафуан Шәймерден: «Кішкентай ханзаданы» моноспектакль ретінде алғаш қолға алған мен екенмін

Театр өнерінде моноспектакль деген жанр бар. Яғни, бір немесе екі актер толық қойылымды ойнап шығады. Бұл әрине, тісқаққан сахна шеберлерінің ғана қолынан келетін іс.

Бүгін «Таңшолпанда» Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» туындысын моноспектакль түрінде ойнаған актер Сафуан Шәймерден қонақта болды.

«Мұндай спектакль қоюға менің шығармашылық ізденісім себеп болды»,-дейді актер.

«Дүниежүзінде бұл туынды мюзикл ретінде, симфониялық бағытта қойылған. Мультфильм, бейнеклиптер бар. Бірақ, моноспектакль ретінде алғаш қолға алған мен екенмін».

Айта кету керек, 9 наурыз күні Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Кішкентай ханзада» көрермен назарына ұсынылады.

Моноспектакльдің кейбір үзіктерін «Таңшолпан» сюжетінен көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу