Алматының барлық ауданында комьюнити орталығы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының барлық ауданында комьюнити орталығы болады

10.01.2024

Бүгін Алматының Әуезов ауданында жастарға арналған комьюнити орталық ашылды. Онда жастар тегін білім алып, мәдени іс-шараларға қатыса алады.

Сондай-ақ оларға білікті психологиялық және заңгерлік қолдау мен қаржылық сауаттылық бойынша кеңестер беріледі. Тіпті, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Осы айдың соңына дейін барлық ауданда осындай орталық жұмысқа кірседі. 8 комьюнити орталық жылына 800 мыңнан астам жасқа қызмет көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Азамат Асқар, қалалық мансап орталығының жетекшісі:

Былтыр біз оқыту курстарын ЖОО, колледжердің және компаниялардың базасында өткізген болатынбыз. Енді осы жылы аудандарда ашылып жатқан комьюнити орталықтарда өткізуге мүмкіндік бар. Орталықта бәрі қарастырылған. Зоналары әмбеп. Әр курсқа әр бағытқа қатысты біз өзіміздің оқу процессімізді ешбір кедергісіз жүргізе аламыз.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу