Елімізде органикалық өнім шығару қолға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде органикалық өнім шығару қолға алынады

09.01.2024

Елімізде органикалық өнім шығаруды қолға алу керек. Яғни, астықты химиялық тәсілмен дәрілемей, биологиялық әдісті пайдаланған жөн. Оның шығымы аз болғанымен, бағасы дәстүрлі өнімнен ондаған есе жоғары. Астанадағы аграрлық университеттің зертханалық жұмысымен танысқан депутаттар осылай деді. Қазір еліміздегі егіс алқаптарының 1 пайызы ғана органикалық бағытта пайдаланылады. Оны еселеуге мүмкіндік мол, ғалымдарымыз да бар. Тек, оларға заңдық тұрғыдан қолдау қажет екенін көріп отырмыз, - дейді депутаттар.

Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Биологиялық түрде бүкіл әлемде қолданылып жатқан тәсілдермен біздің де ғалымдар осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Бірақ та олардың да қойып жатқан сұрақтары бар. Мысалы, олар үлкен ғылыми зерттеулерді ұйымдастырып жатыр да мемлекеттік тиісвті стандарттар жоқ дейді. Тиісті стандапрттар олар заң түрінде қаралуы керек. 1статья оларға жетіспей тұр. Олардың бүкіл істеген жұмыстарының заңдық негізі жоқ.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу