Органикалық өнім – табыстың тетігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Органикалық өнім – табыстың тетігі

05.12.2017

«Қазақстандағы органикалық өнім өндірісін сертификаттау жүйесінің дамуы». Бүгін осындай атаумен «жасыл» технологиялар орталығында семинар өтті. Ондағы мақсат – еліміздегі органикалық өнім өндірісі саласындағы заңнаманы және ұлттық стандарттарды талқылау.

Шараға Германия ғалымдары арнайы келіп, тәжірибе алмасты. Жалпы, бүгінде органикалық ауыл шаруашылығы әлемнің 160 елінде қолданылады. 84 елде органикалық шаруашылық туралы өз заңдары бар. Тағы да ондаған елдерде осындай заң жобалары әзірленуде. Экономистердің пікірінше, қазір органикалық ауыл шаруашылығындағы көрсеткіш айналымы жылына 85-90 миллиард доллар болса, 2020 жылға қарай 200-250 миллиард долларға жетеді. «Сәйкесінше, елімізде де осы салаға серпін беріп, дамыта түсу керек», - дейді жиынға қатысушылар. 

Елдос Баканов, «Жасыл экономика» коалициясының жобалар менеджері:

- Іс-шараға шетелдік сарапшылар келіп отыр. Қазақстан-Германия арасындағы агро политикалық ұйым бар. Сол кісілердің қолдауымен Германиядан эксперттер келіп жатыр. Негізгі мақсат - халықаралық тәжірибемен алмасу.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу