«Аңсаған сәби» бағдарламасы: 4 мың сәби дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аңсаған сәби» бағдарламасы: 4 мың сәби дүниеге келді

12.05.2023

«Аңсаған сәби» бағдарламасы басталғаннан бері 3 300 отбасында 4 000 сәби дүниеге келді. Бұл туралы министрлік ақпаратына да жарияланған. 2020 жылы Мемлекет басшысы Жолдауында елдегі отбасылық-демографиялық ахуал зор алаңдаушылық тудырып отырған мəселе екенін айтып, Үкіметке Экстракорпоральды ұрықтандыру квотасын 7 есе ұлғайтуды тапсырды. Осының негізінде 2 жыл бұрын «Аңсаған сəби» арнаулы бағдарламасы іске қосылды. Содан бері 14 мың әйел квота алып, 3 300 отбасы шапағатын көрген. Қазір шамамен 2,5 мың әйел жүктілігі бойынша қаралып жүр.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу