«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында биыл 40 сәби дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында биыл 40 сәби дүниеге келді

10.11.2021

«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында биыл 40 сәби дүниеге келді. Былтыр Президент пәрменімен бұл бағдарламаға 7000 квота бөлінген. Биыл 6 мың емделуші осы жобаға қатысты. Нәтижесінде екі мыңнан астам ана сәби күтіп жүр. Бүгін баспасөз алаңында есеп берген денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері осылай деді. Жалпы, бағдарлама 5 жылға арналған. Бедеулік диагнозы қойылған азаматтар жылына бір рет қатыса алады. Биыл ұрықтандыру сәтсіз аяқталса, келер жылы қайта жүгінуге болады. Ол үшін учаскелік дәрігерге қаралып, жолдама алу қажет. Еліміздегі 19 ұрықтандыру орталығы бағдарламаға қатысып, сәби сүйгісі келетіндерге қолдау көрсетуде.

Алмаз Ибрагимов, репродуктолог-дәрігер: 
Жүктілік болмай жүрген, емдеуді үміт етіп жүрген талаптанушылардың саны 14 мыңнан астам. Бірақ бұл бағдарлама жыл сайын жалғасса 2025 жылға дейін бұл мұқтаждықты қамтуға мүмкіндігіміз бар.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу