Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, бір адам көз жұмды
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Аққұм ауылында тұрғын үйде газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты. Жарылыстың күштілігі сонша баспананың қабырғалары қирап, төбесі опырылып түскен. Оқыс оқиға кезінде үйде 5 адам болған. Үй иесінің әйелі мен екі баласы аман шығып үлгерген. Ал анасын құтқармақ болған 30 жастағы ер азаматты күйік шалып, ауруханаға түсті. Ауылға өрт сөндірушілер келем дегенше баспананың түгі қалмаған. Мамандар 50 литрлік газ баллоны жарылған деген болжам айтып отыр.
Асхат Оразбеков, Облыстық ТЖД Басқарма бастығы:
Тұрғын үйден 1948 жылы туған азаматшаның мәйіті шығарылды. Қазіргі таңда департаменттің анықтау бөлімімен Қылмыстық Кодекстің 292-бабына сәйкес Қылмыстық іс қозғалып, өрт-техникалық, сот-медициналық, өрт сөндіру зертханасы бойынша сараптама тағайындалды. Себеп-салдары анықталып жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05