Президент сұхбаты әлемдік БАҚ назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сұхбаты әлемдік БАҚ назарында

05.01.2024

Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты әлемдік баспасөздің назарынан да тыс қалған жоқ. Шетелдік БАҚ Президентінің сұхбатынан қандай негізгі тақырыптарды бөліп көрсетті. Шолу жасайық.

Akipress ақпараттық агенттігі Қасым-Жомарт Тоқаев қайта сайлау туралы сұраққа жауап бере отырып, екінші президенттік мерзімге үміткер болу ниеті жоқ екендігін хабарлаған,-деп жазған. Мемелкет басшысының «Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді»,-деген сөзін де басты бетке шағарған.

Қасым-Жомарт Тоқав, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді». 

Ал Әзірбайжанның Trend.az ақпарат агенттігі Қазақстан Президенті атом энергетикасына баса назар аударады,-деп ақпарат таратқан. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Қазақстанда атом электр станцияларын салу мүмкіндігі туралы түсініктемесі атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқав, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәні зор. Бұл – ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. Біз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отын компоненттерін де өзіміз өндіреміз. Сол себепті мен еліміздің аумағында АЭС салу жайына айрықша мән беремін».

Ал ТАСС Жаңалықтар агенттігі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында Ресейдегі алдағы президенттік сайлаудың әлемдік саясат үшін маңыздылығын атап өтті дейді.

Қасым-Жомарт Тоқав, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Ресейде өтетін президент сайлауының біз үшін мәні зор екені сөзсіз. Өйткені Астана мен Мәскеу арасында өте жоғары деңгейде қарым-қатынас орнаған. Ресей Қазақстанның негізгі серіктесі әрі одақтасы екені баршаға аян».

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу