Президент сайлауы – әлемдік БАҚ назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауы – әлемдік БАҚ назарында

20.11.2022

Елімізде мерзімінен бұрын өтіп жатқан Президенттік сайлау жөнінде әлем ақпарат құралдары да хабар таратып жатыр. Солардың қатарында «Рейтер» агенттігі бар.

Оның дерегінше, қазақстандықтар Ресей рецессияға ұшырап, экономикалық өсімге салқынын тигізген шақта дауыс беріп жатыр.

Бұл тақырып Германияның «Неміс толқыны» телерадиокомпаниясының да назарынан тыс қалған жоқ. Оның дерегінше, бүгін 12 миллиондай қазақстандықтың мемлекет басшысын таңдауға құқығы бар.

Ал «Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, осыған дейін реформа жүргізіп, Парламенттің пәрменін күшейтіп, Президенттің билігін шектеген Қазақстандағы сайлау турбуленттік кезеңмен тұспа-тұс келді.


Хабарламаларға жазылу