Еуропаның бірнеше елін су тасқыны жайлады
Ұлыбританияға «Хэнк»дауылы соққы берді. Корольдіктің оңтүстік өңірлерінде күшті жел тұрып, үздіксіз нөсер жауып тұр. Лондонның төтенше жағдайлар қызметі қаланың Гринвич ауданындағы көшені жапты. Себебі мұнда ағаштар жел екпініне шыдамай, жолға құлаған. Бұған қоса су тасқыны жайлады. Электр жарығы өшіп, пойыз қатынасында кедергілер болды.
Ал Францияның солтүстік-батысында қауіптің қызыл түсті деңгейі жарияланды. Мұнда өзендер арнасынан шыққан. Жағалаудағы қалаларды су басты. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Үздіксіз нөсер әлі тоқтаған жоқ. Ауа райы болжамына сай, жаңбыр ертең де жауады. Бұдан бөлек, Германияда да өзендер арнасынан тасып жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17