Елімізде «Жас ғалым» бағдарламасы іске қосылды
Президент тапсырмасына сәйкес, еліміздегі жас ғалымдар баспанамен қамтыла бастады. Ғылым және жоғары білім министрлігі қабылдаған «Жас ғалым» бағдарламасы шеңберінде семейлік Назерке Мүслимова елімізде алғаш болып баспана кілтіне ие болды. Білікті маман Шәкәрім университетінде тамақ өндірісін ғылыми тұрғыда жетілдіру бойынша жылдар бойы түрлі зерттеулерді іске асырып келеді. Бірнеше жобаның авторы. Жас ғалымдарды баспанамен қамту бағдарламасы Отбасы банк пен Министрлік арасындағы келісім аясында іске асқан. Бағдарламаға қатысушының жасы 40 тан аспауы тиіс. Ғылыми-зерттеу жұмыс өтілі 3 жыл және дәрежесі магистрден төмен болмауы керек.
Назерке Мүсілімова, техника ғылымдарының магистрі:
«Жас ғалым» бағдарламасы арқылы алдым. Барлық құжаттарды рәсімдеуге оншақты күн ғана кетті. Жаңа жылдың қарсаңында бізге тосын сый болды. Қазір Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау министрлік тарапынан өте жақсы жүріп жатыр. Әріптестерімнің барлығына осындай мүмкіндікті қолданып, өздерінің баспаналарын алуға тілектеспін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 13:08
Тараздықтар 10 мың түп ағаш екті
06.04.2026, 13:07
58 мың Hyundai Palisade кері қайтарылды
06.04.2026, 13:06
Трамп Иранның электр станциялары мен көпірлерін қиратпақшы
06.04.2026, 13:05
Ақтаудан жер сілкінеді деген ақпарат жалған
06.04.2026, 13:04
Жол апатына ұшыраған жұмысшылардың халі орташа
06.04.2026, 13:03
Атырауда 7 жастағы оқушыны көлік қағып кетті
06.04.2026, 13:02
Алматы облысында үй тонайтын біренше топ ұсталды
06.04.2026, 13:01