2023 жылы ерлік көрсетіп, елді риза қылған кімдер? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2023 жылы ерлік көрсетіп, елді риза қылған кімдер?

29.12.2023

Биыл есте қалған айтулы оқиғалардан бөлек, ерекше көзге түскендер де көп болды. Бірі ерлік көрсетіп ел алғысын алса, енді бірі өз саласында үздік атанды. Тіпті арасында бір ғана әсерлі суретімен халық ықыласына бөленгендер де бар. Осы оқиғалардан кейін олардың өмірі қалай өзгерді? Тілшіміз ел таныған ерлермен сұхбаттасты.

Биыл есте қалған айтулы оқиғалардан бөлек, ерекше көзге түскендер де көп болды. Бірі ерлік көрсетіп ел алғысын алса, енді бірі өз саласында үздік атанды. Тіпті арасында бір ғана әсерлі суретімен-ақ халық ықыласына бөлгендер де бар. Осы оқиғалардан кейін олардың өмірі қалай өзгерді? Келесі бейнематериалдан бірге көрейік.

Алматы облысында автобустағы 20 адамды ажалдан арашалап қалған 8-сынып оқушысы ел есінде. Бүгінде Ақжол Геройдың ұстаздары көзсіз ерлікке барған шәкіртіне құрмет көрсетіп, мектеп қабырғасына суреттерін іліп қойған. Ал Қорғаныс министрі «Ел қорғаны» медалімен марапаттады.

Ақжол Герой, 8-сынып оқушысы:

Осы жағдайдан кейін бүкіл адамдар танып, мақтап рахметтерін айтып жатыр. Біраз жерлер марапаттап рақметтерін айтты. Мектептің ұстаздарына, басшыларына рақмет. Осы қабырғана маған арнайы арнап, осы қабырғаға менің суреттерімді іліп жатқандарына.

Жүрек талмасы ұстап қалған көлік жүргізушісін дер кезінде байқаған Ақжол тежегішті басып, тоқтатып үлгерген. Сол сәтте қоғамдық көлікте жеңгесі де бірге болған. Жолаушылар абдырап, айқайлап жатқанда мектеп оқушысы ғана батылдық танытқан. Әйтпегенде автобус сол маңдағы үйге соғылар еді.

Жадыра Шадиярова, Ақжол геройдың жеңгесі:

Өзімде қатты шыңғырып жылап жібердім. Қасымда екі үлкен аға тұрды. Бірақ оларды емес Ақжолды итердім, барып өшірші деп, тоқтат деп. Сол кезде Ақжол ешқандай сөзге де келген жоқ. Ойланбастан барып автобустың газынан аяғын жұлып алып, тежегішті басып, адамдардың бәрін түсірді.

Ал бұл сурет көпшілікті елжіреткені рас. Абай облысындағы орман өрті кезінде жаңбыр сұрап, дұға жасаған өрт сөндірушінің есімі Елдос Нұртазаев. Ол жеті жылдан бері осы салада қызмет етеді. Алапат өрт кезінде Елдостың әлеуметтік желіге сәт сайын жүктеп отырған видеолары халықтың бірлігін нығайтып, төзімін шыңдағаны рас.

Елдос Нұртазаев, №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы:

Адамбыз ғой, пендеміз ғой. Өзіміз көзімізбен көрмегенше көп нәрсеге сене қоймаймыз. Осыны адамдар өз көзімен көрсін деген ниетпен әлдеуметтік желіде өрт сөндірушілердің жұмысын көрсетуге тьырысқан болатынмын. Өрт кезінде Қазақстан ғана емес, бүкіл Қытай болсын көрші мемлекеттер барлығы сол стористі қарап өз тілдерінда жазып жатқандар болды. Өзіміздің көрші Өздекстан. Оларда қолдап жатқандар болды. Көбі қарады инстаграмды.

Тілсіз жауға бетпе бет келіп ерлік көрсеткен Елдос бүгінде еріктілерге табысталатын жоғары марпатқа ие болды. Бейбіт күннің батыры негізгі қызметінен бөлек, қоғамдық жұмыстарға да үнемі атсалысады.

Елді сүйсінтіп, халықтың ыстық ықыласына бөленгенлердің қатарына футболдан Ұлттық құраманы да қосуға болады. Олар көптен бері сейілген көңілді серпілтті. Әсіресе, Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына қақырата тепкен голы ел есінде ғана емес, күллі Еуропалықтардың көңілінен шықты. Осылайша УЕФА Еуро-2024 іріктеу турниріндегі үздік гол деп танылды.

Асхат Тағыберген, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны:

Қазақ еліне, жанкүйерлерге көп рақмет! Ыстық қолдау болды. Қазақ елі, жеңіс құтты болсын!

Біз бүгін ел есінде қалған азаматтардың бір бөлігін ғана атап өттік. Алайда, көзден таса қалып еленбей жатқандары қаншама?!


Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу