1 қыркүйекте ҚР Ұлттық ұланы ел мектептерінде патриотизм сабағын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қыркүйекте ҚР Ұлттық ұланы ел мектептерінде патриотизм сабағын өткізеді

29.08.2014
1 қыркүйекте ҚР Ұлттық ұланы ел мектептерінде патриотизм сабағын өткізеді

1 қыркүйекте ҚР Ұлттық ұланы мектептер мен гимназияларда «Патриотизм және ерлік, бейбітшілік пен келісім» атты ашық сабақ өткізеді.

Шара Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050:  Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру  аясында ұйымдастырылып отыр. 

Республикалық акция ел бойынша орта оқу орындарының көпшілігін қамтиды.

 Ұлттық ұланның командирлері мен аға офицерлері жоғары сынып оқушыларымен ата-бабаларымыздың ерлік істері жайында әңгіме өткізеді.

Жастарға қауіпті сәттерде шынайы ерлік көрсетіп, батырлық пен өз ісінің шебері бола білген Ұлттық ұланның әскери қызметшілері туралы деректі фильмдер көрсетеді.

Бас қолбасшылық өкілдері, Тәрбиелік әлеуметтік-құқықтық жұмыс бас басқармасының және Астана гарнизоны бөлімінің тәрбиеленуші офицерлері қаладағы қамқорлықтағы мектептер мен оқу орындарында оқушылармен кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

 

Хабарламаларға жазылу