Сенаторлар өңір аралауға аттанды
Сенаторлар халықты алаңдататын мәселелерді тыңдау үшін өңірлерге аттанады. Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін палата жұмысын қорытындылады. Биыл Парламент 92 заң қабылдаған.
Оның ішінде сот жүйесі, прокуратура қызметі, сондай-ақ әкімшілік реформа мәселелеріне қатысты заң жобалары бар. Спикердің айтуынша, Конституциялық реформаның нәтижесінде палаталардың рөлі мен ықпалы артты. Сенат құрамына жаңадан 10 депутат қосылды. Оның бесеуін Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұсынған. Заң жобалары жаңа тәсілмен қарала бастады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
Жыл аяқталғанмен, депутаттық қызметіміз жалғаса бермек. Ертеңнен бастап сіздердің өңірлерге сапарларыңыз басталады. Сапар барысында тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелерге баса мән беруіміз керек. Халыққа қабылданған заңдардың маңызын да кеңінен түсіндірген абзал.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04