Қызылордада Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өтті. Сенаторлар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады.
Бұл орайда Сыр елі - Республика бойынша үздік өңір. Дәл қазір 75 жоба іске асырылып жатыр. Оның басым бөлігі, яғни, 29-ы денсаулық сақтау саласына тиесілі.
Сондай-ақ, осы уақытқа дейін облыста біраз балабақша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынды. Енді жеке мектептер мен жатақхана құрылысы жоспарда бар. Жалпы өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берілді.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада 75 жоба іске асып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/61853/)