Түркияда қазақ әйелдерінің көрмесі өтті
Қазақ даласынан шыққан ұлы әйелдер аз емес. Ұлтымыздың қалыптасуы мен дамуына, рухани өмірі мен мәдениетіне ерекше үлес қосқан осындай қазақ әйелдері туралы халықаралық көрме Ыстамбұлда өтті. Домалақ ана, Томирис, Зере, Әлия мен Мәншүк сияқты 12 тарихи тұлғаның майлы бояумен салынған портреті түрік өнерсүйер қауымының назарына ұсынылды. Қазақстандық танымал суретшілердің картиналары қазақ әйелінің образын көрерменге ерекше тәсілмен жеткізген. Шараға келген қонақтар туындыларға жоғары баға берді. Ыстамбұлдағы бас консулдықтың қолдауымен өткен «Ұлы қазақ әйелдері» көрмесінің соңы шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.
Айткүл Тасмағамбетова, суретші:
Қазақстаннан 5-6 суретші қатысып жатыр. Кейбір жұмыстарды шетелге апарып көрсеттім. Биыл жазда «Ақ қадын» деген картинамды Венеция қаласында көрмеге қойдық. Тағы да басқа жұмыстар болды. Әдейілеп шақырумен бардық Венецияға 5 суретші.
Еркен Доғанай, суретші:
Қазақстанға өзім екі рет бардым. Ол жақтағы суретшілермен жақсы таныспын. Өте жақын араласатын достарым да бар. Бүгінгі көрмедегі ерекше картиналардағы қазақ әйелдерінің образы әлемнің өзге де әйелдеріне үлгі болса деген мақсатпен ұйымдастырып отырмыз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12