«Мерейлі отбасы-2016» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары - Медет Салықов пен Клара Төленбаеваның отбасы «Таңшолпанда» қонақта.
«Байқауға 100-ге тарта отбасы қатысты. Үшінші жыл қатарынан қатысып келеміз. Биыл бірінші орын бұйырды. Бұл - жанұямыздың жеңісі. Финалда 6 отбасы қалғанынан ғана хабардар болдық. Алғашқы орын екенімізді сахнаға шыққан сәте бір-ақ білдік», дейді әнші жұп.
«Өнерлі отбасында өсу - мен үшін мақтаныш. Ата-анаң елге танымал әнші болса, сол биікке өзің де талпынасың». Әншілердің тұңғыш қыздары Ақкербез осылай дейді.
Бұл «шағын мемлекеттің» ерекшелігі - ұлтық мейрамның бірі Наурызда бір-біріне тосынсый әзірлеуді дәстүрге айналдырған.
Мерейлі отбасы Ұлттық арна студиясында жетігеннің сүйемелдеуінде халық әні «Бір баланы» орындады.