Алматыда тағы бір жатақхана қолданысқа берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тағы бір жатақхана қолданысқа берілді

26.12.2023

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында күрделі жөндеуден өткен тағы бір жатақхана қолданысқа берілді. Оған 200 студент пен бұған дейін жалдамалы пәтерлерде тұрып келген 100-ге тарта жас ғалым және магистрант қоныстанды. Жөндеу жұмыстарына оқу орны 160 млн теңге жұмсаған. Бұған дейін де университет жекенің қолына өтіп, мейрамхана мен кеңсе қызметін атқарып келген 280 орынға шақталған ғимаратты өз балансына қайтарған еді. Оқу орны бұнымен тоқтап қалмақ емес. Жуырда 450 орынға шақталған студенттер үйінің құрылысы басталмақ. Оған 2,3 млрд теңге инвестиция тартылған.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу