Алматыда биыл 30 мың орынға шақталған 6 мектеп салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда биыл 30 мың орынға шақталған 6 мектеп салынды

29.11.2022

Алматыда биыл 30 мың орынға шақталған 6 мектеп пен 5 қосымша ғимарат салынды. Соның екеуі бүгін қолданысқа берілді. Алатау және Наурызбай аудандарында орналасқан екі бірдей білім ошағында 3000 ұл-қыз бір ауысыммен білім алады. Жыл соңына дейін тағы 3 ғимарат бой көтереді. Жалпы шаһарда үш ауысымдық білім беру мәселесі шешілгенімен, 29 мың балаға орын жетіспейді.

Ләззат Жылқыбаева, Алматы қаласы білім басқармасының басшысы:

Алматы қаласы Қазақстан бойынша оқушылар саны өсу жағынан басқа өңірлермен салыстырғанда бірінші орында. Бір жылдың ішінде 13-15 мыңға көбейген. Сондықтан қанша қарқынды түрде мектеп салсақ та, оқушы орны да көбейіп жатыр. Сондықтан оны бір жылдай жойылады деп мен сізге уәде бере алмаймын.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу